5 қараша күні Қазақстанда 231 адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны анықталды. Сондай-ақ 51 науқас емделіп шықты. Тәулік ішінде аурудың осы түрі бойынша адам өлімі тіркелмеген.
Қазақстан билігі ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін 1 тамыздан бері жүргізіп келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тамыздың басынан 5 қарашаға дейін 38 721 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған: 29 014 адам жазылған, 406-ы қайтыс болған.
Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 6 адам өлімі тіркелген. 13 наурыз бен 5 қараша аралығында 114 мыңнан аса адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған, 1879-ы қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирус пневмониясынан 5 608 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 646 науқас ем қабылдап жатыр. 155 науқастың ахуалы нашар, 22 адамның жағдайы - өте ауыр, 25 адам жасанды тыныс алу аппаратымен дем алып жатыр.