04 қаз, 2020 сағат 07:40

Елімізде 74 бала коронавирустан емделіп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 4 қазандағы жағдай бойынша, коронавируспен ауырғандар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 229 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 85 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.