25 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,1 млн-ға жуық өтініш қабылданды. Төлем 1,7 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 676 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады.
2 миллионнан астам өтінімнің ішінде:
– 804,4 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 521,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 249,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 524,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санат бөлінісінде:
– 804,4 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 150,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 144 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 1,7 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 676 мың қазақстандыққа аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантин енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда 42 500 теңге төленеді.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.