12 қаң, 2022 сағат 23:45

Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты - Президент


Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық. Азаматтарымыз экстремистермен күресте патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетті. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл – шынайы жаңарудың кезеңі. Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!», - деп жазды Президент