Энергетика министрлігі электр өндіру тарифінің өсуі басқа тарифтерді қамбаттатуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрлігінің өкілдеріне түпкі тұтынушылардың тарифі туралы сауал қойылды. БАҚ өкілдері электр қуатын өндіру тарифінің артуы коммуналдық тарифтердің барлығын көтеріп жіберуі мүмкін бе деген алаңдаушылық білдірді. Вице-министр Қайрат Рахимов ондай өзгеріс болуы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ.
«Бұған дейін айтқ а нымдай, тұтынушы тарифтерінің өсуі басқа өкілетті органның құзырындағы шаруа. Сондықтан ол органның атынан тікелей жауап бере алмаймын. Өз атымнан айтар болсам, энергия өндіруші компанияларда тарифтің өсуі табиғи монополиялардың басқа түрлерінде тарифті көтеруі мүмкін. Бірақ әрбір жағдай бойынша, әрбір субьект бойынша, жылу энергиясын жеткізуші болсын, сумен қамтамасыз етуші болсын, өкілетті орган жеке-жеке қарап, электр энергиясының шығыны жалпы шығынының қанша пайызын құрайтынына қарай тариф өзгерту туралы шешім қабылданады», - деді вице-министр.
Ал осы ведомствоға қарасты электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев 1 сәуірден бастап электр қуатының түпкі тұтынушыларға арналған тарифі қайта қаралатынын жеткізді.
«Энергетика министрлігішекті тарифтерді бекітеді. Ал түпкі тұтынушыларға арналған электр энергиясының тарифтерін белгілеуге Ұлттық экономика министрлігінің Монополиялардың реттеу комитеті құзырлы. 1 сәуірден бастап шекті тарифтер бекітілгеннен кейін, жаңағы комитет түпкі тұтынушыларға арналған электр тарифін қайта қарайды», - деді департамент басшысы.