Фото: Мәжіліс баспасөз қызметінен
Әр аптаның сәрсенбісінде өтетін Парламенттің төменгі палатасындағы отырыс осы аптада өтпейді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Елдегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты депутаттар өңірлерде жүр.
Сол себепті осы аптада Мәжілістің жалпы отырысы өткізілмейді", -деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қазақстанның оннан астам аймағын су басып, мыңдаған үй-жайды қызыл су шайып кетті. Қазіргі уақытта тағы да бірнеше аймаққа су тасқыны қауіпі төніп тұр.
Биылғы жылы өңірлерді су басу қауіпі бұрынғыдан да жоғары екені қыста Парламент отырыстарында талқыланған. Депутаттар Үкіметке депутаттық сауал да жолдаған. Алайда құзырлы орган өкілдері еліміз кезекті су тасқынына дайын, алдын алу шаралары жасалынғанын айтқан болатын.