13 қаң, 2022 сағат 14:48

Экс-министр Тоқаевтың кеңесшісі болды


Бұрынғы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген мәтінде.

Айта кетейік, экс-министр 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2003 жылы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын "халықаралық қатынастар экономисі" бойынша бітірді.  

  • 2000-2001 жылдары – Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы;
  • 2001-2002 жылдары – MI Drilling Fluids International Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері;
  • 2002-2004 жылдары – Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларында тағылымдамадан өтті;
  •  2004-2007 жылдары – "MI Drilling Fluids International" Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері;
  • 2007-2010 жылдары – "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры;
  • 2010-2012 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры;
  • 2012-2013 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2013 жылдың қазанынан бастап – мұнай және газ вице-министрі;
  • 2014 жылдың тамызынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін – энергетика вице-министрі;
  • 2019 жылдан бастап 2021 жылдың қыркүйегіне дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.
  • 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қаңтарына дейін энергетика министрлігін басқарды.