22 ақп, 2022 сағат 13:10

Экс-қорғаныс министрі 2 айға қамауға алынды


Нұр-Сұлтан соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"2022 жылдың 22 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұрат Бектановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында. 

Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайтыны айтылды.

Бұған дейін бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан еді. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.