Экс-депутат Нұртай Сабильянов алғашқылардың бірі болып Президент тапсырмасымен құрылған "Қазақстан халқы" қорына 5 миллион теңге көлемінде қаржы аударды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы ол өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.
"Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстарын, мәлімдемесін тыңдадық. Толық қолдаймыз. Құрылатын "Қазақстан халқына көмек" қорына кәсіпкер ретінде 5 миллион теңге аударамын, - деп жазды Нұртай Сабильянов.
Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық қорын құруды тапсырды.
"Бұл - халық қоры. Ол Президенттің немесе Үкіметтің жанынан құрылмайды. Беделді бақылау кеңесі құрылады. Адал, жауапты басшы тағайындалады. Оның қызметі толығымен ашық болады, қоғамға есеп береді. Жоспарлары, бюджеті мен жобалары сайтта жарияланады. Бүкіл ақпарат ашық болады", - деді Президент.