Экстракорпоральді ұрықтандыру жасатпай тұрып, коронавирусқа қарсы вакцина салдырған дұрыс. Бұл туралы Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячаслав Локшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қосалқы репродуктивтік технологиялар жайында айтар болсақ, өздеріңізде білесіздер, биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы басталды. Оның аясында 7 мың квота бөлініп отыр. Қазіргі уақытта жасанды жолмен ұрықтандыратын орталықтарға келетін пациенттер белсенділігі арта түсуде. Бұл ретте барынша сақтық таныту қажет немесе ЭКО жасатардың алдында өзіңді қорғау үшін вакцина салдырған дұрыс», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Білікті маманның айтуынша, коронавирус сперматогенезге әсер етеді. Яғни, тұрақты болмасада да үш айға шәует жасушасы санының және сапасының төмендеуі анықталған.
«Сондықтан да ЭКО бағдарламасына дайындалған кезде карантин талаптарын барынша қатаң сақтау қажет», - деді Вячаслав Локшин.