Фото: pexels.com
8 мамырда Қазақстанның екі қаласында жарты сағатта 2 бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.
ТЖМ ақпаратынша, бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түскен. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылған.
Ал екінші жағдай Семейде болған. Онда 3 жасар қыз бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.
Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған. Осыған байланысты ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады:
кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.