20 шіл, 2020 сағат 15:52

Егер карантин ұзартылса, тамызда 42 500 теңге төлене ме?

Егер карантин ұзартылса тамызда 42 500 теңге төлене ме? Бұл сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларын енгізуге байланысты 2020 жылдың шілдесінде табысынан толықтай айырылған жағдайда, Шектеу шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес біржолғы төлем бір рет тағайындалады және бір айлық жалақы мөлшерінде (42,500 теңге) белгіленеді. 

Осылайша, осы Қағидалардың аясында 42,500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем осы жылдың шілде айына ғана төленеді», делінген министрлік хабарламасында.