28 қыр, 2022 сағат 16:13

Дүйсенова: Ресейліктерге жұмыс тауып беру міндеті қойылған жоқ


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанға келетін ресейліктерге жұмыс табу міндеті қойылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ресейліктерге жұмыс тауып беру міндеті қойылған жоқ. Міндет былай тұжырымдалған: Еуразиялық одақ азаматтарына. Қазақстан өзінің халықаралық шарттарын толығымен орындайды, бұл - Қазақстанның да міндеті. Қазіргі уақытта кейінгі жылдары шетелден келген азаматтар да бар. Мысалы, IT саласында. Күн сайын таңертеңнен бастап ІІМ жаңадан келгендер және жұмысқа орналасқысы келетіндер туралы мәлімет береді. Қазір 5 300 адам келген. Ертең не болатынын көреміз", - деді Еңбек министрлігінің басшысы.