27 мау, 2023 сағат 13:58

Дүйсенова қандай жағдайда зейнетақы көтерілетінін айтты

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жыл соңына дейін зейнетақы тағы көтеріле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұл инфляция дәлізіне байланысты. Қазір Ұлттық банк маусым айында инфляция 15 процент болатынын айтты. Сол себепті инфляция деңгейіне қараймыз", - деп жауап берді Дүйсенова Үкімет кулуарында.

Министр биыл қаңтар айынан бастап елімізде базалық зейнетақы төлемі өскенін атап өтті.

"Базалық зейнетақысы аз болған азаматтардың төлемі 21 процентке артты. Орташа көлемде алатындардың зейнетақысы осыдан сәл төмен, ал жоғары зейнетақы алатындарда 8,5 процентке көтерілді", - деді ол.