Дүкендерде кезек орын алса адамдар арасындағы арақашықтық 1 метрден кем болмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сауда нысандарының барлығы жабылмайтындығын түсіндіргім келеді. Төтенше жағдай кезіндегі басты міндет - халықты дер уақытында азық-түлікпен қамтамасыз ету. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, дәріханалар, гипермаркеттер жұмыс істей береді. Бірақ, олар бірқатар талаптарды сақтауға міндетті болады. Бүгін Денсаулық сақтау министрімен және Бас санитарлық дәрігермен қосымша шараларды талқыладық. Бірінші кезекте, зарарсыздандыру режімі күшейтілуі тиіс», - деді министр.
Сонымен қатар оның айтуынша, кезектің орын алуына жол бермеуге болмайды.
«Кезек орын алған жағдайда адамдар арасындағы арақашықтық 1 метрден кем болмауы тиіс», - деді Б.Сұлтанов.