8 ақпанда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
8 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Қырғызстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 1 252 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 1 060 адам, анықтамасыз - 192 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 800 жолаушы, анықтамамен - 626, анықтамасыз - 174;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 310 жолаушы, анықтамамен - 295; анықтамасыз - 15;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 132; анықтамасыз - 3;
- Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 7 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтуде. 7 ақпанда анықтамасыз келген 762 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды.