24 қаңтардағы жағдай бойынша Дубай-Алматы рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Латвия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.
2 581 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 886 адам, анықтамасыз 695 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 109 жолаушы, анықтамамен - 748; анықтамасыз – 361;
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 472 жолаушы, анықтамамен - 1 138, анықтамасыз – 334.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылғы 23 қаңтарда анықтамасыз келген 345 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай-Алматы рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.