18 там, 2020 сағат 07:06

ДСМ коронавирустан емделіп жатқандардың жағдайын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 тамыз күнгі мәлімет бойынша коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 17 424 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 94 бала бар. Стационарларда 8 015 науқас жатыр. 9 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 389 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 107 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 69 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ақпаратта.