21 мау, 2023 сағат 13:20

Досаев Алматыдағы ауруханада АИТВ жұқтыру оқиғасына қатысты пікір білдірді

Фото: ©РИА Новости

Ерболат Досаев Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында науқастардан АИТВ анықталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мегаполис әкімінен Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында науқастарың АИТВ жұқтыруына қатысты жағдай сұралды. Ерболат Досаев бұл факт бойынша тексеру жалғасып жатқанын айтты.

"Денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрығы аясында реанимациядан соң 30 күннен кейін пациенттер тестілерді қайта тапсыруға міндетті. 2 жағдай анықталды ( кейін тағы 1 жағдай анықталды, жалпы саны - 3). Бекітілген регламентке сәйкес қалалық ЖИТС орталығымен бірлесіп жұмыс жүргізілді: барлық реципиенттер, медициналық персонал, реанимацияда болған басқа да пациенттер толық тексерілді.

Осыдан кейін регламентке сәйкес 13 маусымда барлық деректер санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментіне (ССЭК) берілді. 14 маусымда ССЭК қажетті кезектен тыс тексерулерді тағайындады, олар бойынша бүгінде жұмыс жалғасып жатыр.

Кеше Денсаулық сақтау министрлігі аралық нәтижелерді жариялады. Біреуді қызметінен босату үшін алдымен бәрі қайдан шыққанын түсіну керек (инфекция көзі қайда болды). Комиссия жұмысын аяқтаған кезде Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұл туралы хабарлайды. Біз бәрін бақылауда ұстаймыз", - деді шаһар басшысы.