Фото:elements.envato.com
Ұлттық банк 10 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейсенбіде доллар бағамы 510 теңге болады. Айта кетейік, доллардың 6-9 наурыздағы ресми бағамы 503,30 теңге болды. Рубльдің ресми бағамы - 3,98 теңге.
Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 510 теңге болды.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы - 518,49 теңге, сондай-ақ, 524,49 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орташа есеппен 518,27 теңгеден сатып, 524,5 теңгеден сатып жатыр.