Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 21 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1,21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 434, 68 теңге болды.
Ұлттық банктің 22 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 435,89 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 436,85 теңге, сатып алу –438,48 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,95 теңгеден болса, ал сатып алу құны –438, 26 теңге.