30 жел, 2021 сағат 12:15

Доллар бағасы сәл төмендеді


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 29 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,31 теңгеге төмендеп, 1 доллар 431, 53 теңге болды. 

Ұлттық банктің 30 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 84 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 435, 43 теңге, сатып алу –437, 34 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 435,98 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 437, 52 теңге.