25 ақп, 2022 сағат 12:10

Доллар бағасы қайта шарықтады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 ақпан кешімен салыстырғанда 6,23 теңгеге өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 472, 24 теңге болды. 

Ұлттық банктің 25 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 465, 99 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 467,43 теңгеден сатылса, сатып алу – 472,46 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 465,49 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 470, 90 теңге.