Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,51 теңгеге өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 431, 71 теңге болды.
Ұлттық банктің 29 желтоқсандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 431, 18 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 434,23 теңгеден сатылса, сатып алу – 436,01 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 434,29 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 435,63 теңге.