Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 9 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,82 тиынға өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 434,25 теңге болды.
Ұлттық банктің 10 желтоқсандағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 433,39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 435,95 теңгеден сатылса, сатып алу – 437,50 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 435,90 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 436,99 теңге.