22 ақп, 2022 сағат 12:12

Доллар бағасы күрт көтерілді


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 21 ақпанның кешімен салыстырғанда 2,69 теңгеге өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы 431, 06 теңге болды. 

Ұлттық банктің 22 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 428, 54 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 431,12 теңгеден сатылса, сатып алу – 433,05 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 430,82 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 432, 86 теңге.