09 ақп, 2021 сағат 09:34

Доллар бағасы арзандап келеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар теңгеге шаққанда арзандады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Қазақстан қор биржасында таңертеңгі сауда-саттық қорытындылары бойынша доллар 8 ақпан кешімен салыстырғанда 1,26 теңгеге – бір доллар үшін 417,54 теңгеге дейін арзандады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 9 ақпандағы ресми бағамы бір доллар үшін 418,82 теңгені құрайды.

Айта кету керек, теңге биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша нығаюда. Kurs.kz сайтының деректері бойынша, Алматыда доллар айырбастау орындарында 417,26 теңгеден сатып алынады, бір доллар үшін 418,78 теңгеден сатылады. Нұр-Сұлтанда – 417,34 және 418,47 теңге.