01 нау, 2022 сағат 17:30

Доллар бағамы төмендеді


Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,25 теңгеге төмендеп, 1 доллар 487,75 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 1 наурыздағы ресми бағамы - 495 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы - 487,26 теңге, сатып алу - 492,84 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 486,09 теңгеден болса, сатып алу құны - 491,48 теңге.