Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2 наурыз кешімен салыстырғанда 0,74 тиынға төмендеп, 1 доллар 489, 57 теңге болды.
Ұлттық банктің 3 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 490,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы 490,65 теңге, сатып алу – 495, 42 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 491,72 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 494,37 теңге.