Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 20 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,45 тиынға төмендеп, 1 доллар 435,91 теңге болды.
Ұлттық банктің 21 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 436,35 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 437,59 теңге, сатып алу – 439,14 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 437,25теңгеден болса, ал сатып алу құны –438, 59 теңге.