04 нау, 2022 сағат 15:53

Доллар 514 теңгеден сатылып жатыр


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 512-514 теңгеге жетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,77 теңгеге өскен. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 499, 20 теңге. Таңғы саудада доллар бағамы 497, 02 теңгеге тең еді. 

Айта кетейік, Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 4 наурыздағы ресми бағамы - 492, 28 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллар 510-514 теңгеден сатылып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда АҚШ валютасы 512-512,5 теңгеден саудалануда.