15 мам, 2020 сағат 15:10

Дін қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырған адам жоқ - ҚМДБ

ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров дін қызметкерлері ішінде коронавирусты жұқтырған адамның тіркелмегенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Дін қызметкерлері аарсында коронавирусты жұқтырған жағдай болған жоқ. Ал коронавирустан қайтыс болған адамның жаназасын шығару барысында имам алыстан қатысты. Жерлеу процесіне имам қатыспайды. Жаназа шығарған имам карантинге жатқызылған жоқ», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров. 

Оның айтуынша ҚМДБ коронавирустан қайтыс болған адамның жаназасына ең жақын туыстардың қатысуына үндеген. Үндеу жұқпалы аурудың таралуына жол бермеу үшін жарияланған.