Фото: Instagram.com
Қазақстандық әлемдік жұлдыз Димаш Құдайберген 2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында жеке концерт береді. Бұл — ТМД елдерінің орындаушылары арасында осы әйгілі сахнада өтетін алғашқы жеке концерт болмақ, деп хабарлайды Ult.kz.
«Stranger» атты әлемдік тур аясында өтетін бұл кеште Димаш өзінің неоклассикалық стилімен танылған ерекше туындыларын ұсынады. Әнші композитор, мульти-аспапшы және продюсер ретінде тыңдармандарына музыкалық сапар сыйламақ. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Madison Square Garden сахнасында өтетін бұл айтулы шараға әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер жиналады деп күтілуде. Димаштың шығармашылығына тән терең эмоция мен әсерлі вокал Нью-Йорк тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз.
