09 там, 2023 сағат 14:04

"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

© Photo: instagram/armandzhumageldiev

"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартылды.

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 4 тамыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 қыркүйегіне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін полицейлер "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.