17 нау, 2020 сағат 10:46

Диагноз қоятын, емдейтін күшіміз бар – Біртанов

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықты сабыр сақтауға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

Бүгіннен бастап Қазақстанның бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жасаған жаңа қаулысы күшіне енді. 

Осыған байланысты ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа ережелерді таныстырып, COVID-19 вирусын емделетінін және оны емдеуге қажетті препараттар бар екенін атап өтті.

Құрметті азаматтар! Бұл төтенше жағдайда сабырлық сақтауды ұсынамыз. Бұл – емделетін инфекция. Бізде диагноз қоятын, емдейтін күшіміз бар. Барлық санитарлық жұмыстар қабылданып жатыр. Қажетті сұрақтар бойынша біздің арнайы кол-орталық 1406 нөмірі арқылы және біздің әлеуметтік желілердегі, интернеттегі сайттар бойынша ақпарат алуға болады. Бұрын мемлекет басшысы жариялаған нормаларды, тәртіптерді сақтауды сұраймыз, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Бас санитардың жаңа қаулысы бойынша, енді медициналық ұйымдарда фото-видео түсіруге тыйым салынады.