Фото: видео скриншот
Оралдағы эвакуациялық пункттердің бірінде жас бала мәжілісмендерді ду күлдірді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ринат Зайытов, Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан мен Нартай Аралбайұлы бар топ эвакуациялық пункттердің біріне кірген. Сондағы бір бала оларға қарап, "депутаттар iPhone 15 қана ұстайтын болған" деп жиналғандарды күлкіге қарық қылған. Депутат Жаңбыршин "менде самсунг" деп жауап қатады.
Видеоны желіде Абзал Құспан мен Ринат Зайытов бөлісті. Жұртшылық баланың тапқырлығына таңғалып, оң пікір қалдырып жатыр.
"Шындықты айтып жатыр ғой", "Біргіп IPhone алып беріңдер, депутатар", "Бала тілі бал", "Қатырды", "Бетке айтты ғой", "Жаным сол", "Бала шынын айтады деген осы", "Тауып айтты", "Шындықты айтты", "Расы солай ғой", - деген пікірлер бар.