14 мау, 2019 сағат 14:29

Депутат Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін кім басқаруы мүмкін екенін айтты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін кім басқаруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

«Мұнда доминант қоғам болуы тиіс екеніне сенімдімін. Бізде азаматтық қоғам жеткілікті дәрежеде нақты қалыптасқан, оның дәлелі - партиялық ұйымдар, қоғамдық ұйымдар бар, әртүрлі диалог алаңдарының болуы. Халықтың барлық мақсатты топтарының мүдделерін барынша ескеру - осы кеңестің жұмысының нәтижелі болуының шарты болмақ. Соған сай партия өкілдері болуы тиіс, себебі оларда мақсатты топтар бар. Ал Азаматтық альянс, Кәсіподақ федерациясы секілді қоғамдық бірлестіктер 2 миллионнан астам еңбек адамдарын біріктіреді», - деді Павел Казанцев ҚСЗИ базасында өткен дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, Кеңес құрамына барынша мүмкіндігі шектеулі адамдар, жастар және басқа да әлеуметтік топ өкілдері кіруі тиіс. Сонымен қатар, осы пікірталасты жасау үшін мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы маңызды болмақ.

Журналистердің қоғамдық сенім кеңесін кім басқарады деген сұрағына депутат жаңа құрылымды басқару үшін мемлекет басшысы секілді салмақты тәжірибелі саясаткер қажет деп жауап берді.

«Өз уақытында Елбасы шағын және орта бизнесті жылдам дамыту талап етілген кезде нұсқау берді. 2000 жылдардың басында дағдарыстан шыққан кезде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық комиссия құрылды. Онда мемлекеттік органдардан да, жұртшылықтан да 50/50 өкілдері қатысты. Ондағы формат бойынша кез келген диалогтың бірінші міндеті проблемаларды цифрландыру болды. Сол комиссияда төраға көптеген мәселені онлайн режимде шешті. Осы себепті онда жедел орта мерзімді жұмыс нысаны болуы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан оны салмақты саясаткер басқаруы керек. Бұл жерде президент басқарады деп ойлаймын. Соңғы шешімді әрине, бірінші тұлға қабылдайды», - деп сөзін түйіндеді Казанцев.