01 нау, 2021 сағат 09:10

Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар институтын аккредиттеу процедурасы жетілдіріледі

2021 жылы денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар институтын аккредиттеу процедурасы жетілдіріледі.

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«2021 жылы денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар институтын аккредиттеу процедурасын жетілдіруді қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. COVID-19-ға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың дайындығын бағалау тұрақты негізде жүзеге асырылады. 2020-2025 жылдарға арналған Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру жалғасады. Дәрілік заттарды ұлттық тіркеуден ЕАЭО ережелерімен тіркеуге көшу, сонымен қатар ЕАЭО аясында фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыру жоспарланып отыр», - деді министр.

Оның атап өтуінше, денсаулық сақтау жүйесінің ықтимал тегеуіріндерге дайындығын қамтамасыз ету үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру іс-шаралары қабылданып жатыр. Осы мақсатта денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызмет көрсету саласына бақылау күшейтілді. 

«Сонымен қатар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласында да бақылау күшейтіліп отыр», - деді Алексей Цой.