Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салдыруды жоспарлап отыр.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық вакцина салдыруды мақсат етіп отыр. Яғни, өзіміздің еліміздің вакцинасы дайын болып, шыққан кезде соны салдырады», - деді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын ерікте негізге егу науқаны басталады.