Фото: Dauletten/Instagram
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "Battle сөз" бағдарламасында қонақ болып, депутат қызметіндегі жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
Мұқаев жалақы алғашқы 20 күн үшін ғана түскенін атап өтті.
"Аванс ретінде беріледі екен. Оның барлығы мемлекеттік қызметтегі тәжірибеге байланысты есептелетін секілді. Осы уақытқа дейін жасаған еңбек өтілі барлығы ескеріледі. Блогерлік, телевизия саласында жүргеннен кейін мен ешбір мемлекеттік қызметте болмадым. Сол алғытөлем 20 күнге шамамен 371 мың теңге түсті", - деді ол.
Одан өзге депутат арнайы берілетін мемлекеттік көлік туралы айтты.
"Көптеген адам депутаттың өзінің жеке көлігі болады деп ойлайды. Шын мәнінде, олай емес. Тек жұмыс уақытында пайдаланамыз. Ал сенбі, жексенбі күндері пайдаланатын болсақ, сол кәдімгі такси шақырғандай боласың. Ол үшін 5 мың теңге төлейсің", - дейді Дәулет Мұқаев.