16 шіл, 2020 сағат 10:33

Дәрі-дәрмектің қымбатқа сатылу фактісін кез келген азамат тіркей алады - Тимур Сұлтанғазиев

Әлеуметтік маңызды дәрілік заттардың шекті бағасының бұзылу фактілерін кез-келген азамат тіркей алады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет төрағасының айтуынша, қазақстандықтар дәрілік заттардың бағасын көтеру туралы ДСМ тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне, электрондық үкімет порталы немесе «DariKz» мобильдік қосымшасы арқылы жүгіне алады.

«Мобильдік қосымша арқылы азаматтар әр препараттың шекті бағасын біліп, нақты препаратқа штрихтеу жүргізіп, шағымды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жібере алады», - деп түсіндірді Тимур Сұлтанғазиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тимур Сұлтанғазиев мониторинг топтары Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектің 200 түрінің сатылып жатқанын анықтағанын мәлім еткен еді.