17 шіл, 2019 сағат 22:38

Данияр Әшімбаев: Ұлттық кеңесті құру билік пен қоғамның диалогын дамытады

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде халыққа таныс емес адам жоқ. Бұл пікірді қоғам қайраткері, саясаттанушы және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Данияр Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл кеңеске қосу үшін жүздеген адамның есімі айтылды. Бірақ, олардың бәрін қосса, кеңес жұмысы жүрмей қалар еді. Еліміздің қоғамдық-саяси даму мәселелерін талқылайтын кәсіби диалог алаңына айналған кеңестің шағын құрам нұсқасы анағұрлым тиімді. Әрине, кеңес пен оның құрамын үлкен жұмыс күтіп тұр. Бұл дұрыс та. Қазіргі уақытта мінсіз құрылымды жасау мүмкін емес, бірақ таңдалған тұлғалар алуан түрлі пікірді ортаға сала алады. Жарлықта бейтаныс адам жоқ. Билікке берілген адамдар да аз. Пікірталастан ақиқат тумаса да, соның жұрнағы болуы мүмкін. Билік қоғамды тыңдауға дайын және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі саяси реформа жасауға, билік-қоғам диалогын дамытуға және қабылданатын шешім сапасын жақсартуға көмектеседі», - деді Данияр Әшімбаев.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ кеңестің құрамына кімдер енгені белгілі болды.