16 нау, 2022 сағат 17:40

Дана Нұржігітова: Бұл - сан саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар


Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын тарихи құжат деп айтуға болады. Бұл - сан саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар.

Бүгінгі халықаралық геосаяси шиеленістер мен өз еліміздегі ішкі түйткілдер кез келген адамды абдырайтындай, қобалжитындай жағдайға түсіреді. Алайда, көш бастайтын тұлғаның ондай күйге түсуге хақы жоқ. 
Жолынан таймайтын, нақты жоспары бар адам ғана сыртқы жағдайды елемей, өз траекториясынан ауытқымайды. Біз дәл сондай адамның қолынан шыққан жоспарды көрдік. 

«Күшті Президент, ықпалды Парламент, халыққа есеп беретін Үкімет» - бұл 2019 жылы Президенттік сайлауға түскен кандидат Тоқаевтың саяси тұғырнамасы болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы сол айтқанынан бүгін де  жаңылмады. 

Президент ендігі жерде ешқандай партияны басқармайды, мүше де болмайды. Әкімдер жергілікті басқару органдарының бас менеджелері ғана болады.

Азаматтық ұстанымы бекем, белсенді әрбір қазақстандық азамат парламенттік сайлауға түсіп, мемлекеттің өркендеуіне үлес қосуына құқығы бар.

Мәжіліс пен Сенаттың рөлі қайта қаралды.
 Пропорциалды және мажоритарлы жүйе қатар жүреді.

Азаматтық қоғамның рөлі күшейіп, қоғамдық ұйымдар мен билік өкілдері бірге бас қосып, ұлттық жобаларды ашық платформаларда талқылайтын болады. 

Әкімшілік-аумақтық құралымдардағы өзгеріс, аумақ атауларының өзі жер иесі – мемлекет құраушы ұлт екенін айқындай түсті.
 Осылайша, Семей қаласы - Абай облысының орталығы, Жезқазған Ұлытау облысының орталығы болды.

Бүгінгі Алматы облысы екіге бөлініп, бір жағы - орталық қаласы Талдықорған болатын Жетісу облысы, екінші жағы Қапшағайда орналасқан орталығы бар Алматы облысы деп аталды. 

Президент «Халық бастама көтерсе, Қапшағайды Қонаев қаласы деп өзгертуге дайынмын» деді. Сайып келгенде, Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мен халқымның бүгін бақытты болғанын» қалаймын деді. 

Міне, осы сөзінен шығады, ол жақын арада мемлекеттік басқару жүйесін дебюрократизациялау Жарлығына қол қояды.

Бұл мемлекеттік басқару аппаратының заманға сай жылдам қозғалуға әсер ететін құжат болмақ.

Біз онсыз да көп уақыт жоғалттық. Баррикадаларға шақыратын политикандардың сөзі жүрмеу керек бүгінде! Бүгін Қазақстанға сөз емес, іс керек!

Дана НҰРЖІГІТОВА, 

Сенат депутаты