Ақтауда дәрігер науқастар жатқан провизорлық орталықты видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видео 24 маусымда коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдап алып жатқан кезде түсірілген. Оны Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникациялар орталығы жариялады.
"Видеодан науқастарға орын жоқ екенін көруге болады. Қазіргі таңда науқастар жаңа провизорлық орталыққа жіберіліп жатыр. Стационар тиісті медициналық аппараттармен жабдықталған. Біз бұл видеоны адамдарды қорқыту үшін емес, қауіпсіздікті сақтау үшін жарияладық. Қазіргі таңда санитарлық талапты орындау өте маңызды. Оқшауланыңыздар. Үйден шықпауға тырысыңыздар", - дейді облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығының мамандары.
Ескерту! Видеоны жүрегі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдерге және балаларға көруге болмайды.