17 қыр, 2021 сағат 12:10

Қазақстанда бір күнде 70 адам коронавирус пен "пневмониядан" қайтыс болды

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 922 556 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 821 717 адам екінші компонентін салдырған. Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 824 620 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 642 284 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Алматы облысы – 725 430 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 606 788 адам екінші бөлігін қабылдаған.


16 қыркүйекте Қазақстанда 3081 адамның анализінен коронавирус анықталды. 

Өткен тәулікте Алматы қаласында 651 адамның коронавирус тесті оң шық. Қазақстандағы ең ірі қала коронавирус көрсеткіші бойынша республикада бірінші орында тұр. Бейсенбі күні Қарағанды облысында – 392, Нұр-Сұлтанда – 338, Алматы облысында – 252, Ақтөбе облысында 224 науқас тіркелген. 

2020 жылдың наурыз айынан бері 854 мың адамның ПТР тесті оң шыққан. 10 611-і қайтыс болған.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанын хабарлаған. Бірақ елде коронавирус көрсеткіші пен онымен байланысты адам өлімі былтырмен салыстырғанда әлі де жоғары.

Сәрсенбі, 15 қыркүйекте Қазақстанда коронавируспен байланысты 70 адам өлімі тіркелді: 62 адам – коронавирустан, 8 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Қазақстан 2020 жылдың 1 тамызынан бастап ПТР тесті теріс шыққан, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын "ковидтектес пневмония" есебін жүргізіп келеді. Осы күнге дейін пневмонияның бұл түріне 73,5 мың адам шалдыққан. 4714-і қайтыс болған. 15 қыркүйекте 236 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды.

Қазір ел бойынша 72 789 адам коронавирус инфекциясынан (64 262 КВИ+ және 8 527 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 13 610 пациент стационарда, 59 179 науқас амбулаторияда емделіп жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 064 адамның жағдайы ауыр, 317 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

Осы аптада денсаулық сақтау министрлігі індеттің беті қайтқандықтан 25 тамыздан бері республика бойынша 60 стационар жабылғанын хабарлады. 

Соңғы мәлімет бойынша, коронавирусқа қарсы екпені 6 млн-нан астам адам толық алған. Бұдан бөлек, 1,2 млн адам вакцинаның екінші дозасын күтіп отыр.


Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 922 556 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 821 717 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 824 620 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 642 284 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 725 430 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 606 788 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде 227 млн адам коронавирусқа шалдыққан, 4,6 миллионы қайтыс болған.