Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 18 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қалып отыр.
«Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта Батыс Қазақстан облысы болған еді.