07 нау, 2021 сағат 08:21

COVID-19: Қостанай облысы - "жасыл", Атырау облысы керісінше "сары" аймаққа өтті

Коронавирус індетінің эпидемиялық картасында Қостанай облысы "сарыдан" "жасыл" аймаққа, Атырау облысы "жасылдан" "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды.

Эпидемиялық картада коронавирус індетінің тарау деңгейіне байланысты үш аймақ бар: "жасыл", "сары" және "қызыл". Қызыл түс ахуалдың нашарлығын, жасыл қалыпты екенін білдіреді. Сары түс індеттің күшейіп тұрғанын, бірақ қатаң карантин енгізетіндей ахуалға жете қоймағанын білдіреді.

7 наурыздағы эпидкартада "сары" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ақмол облыстары тұр. Қалғаны түгелдей "жасыл аймақта".

"Қызыл" аймаққа өткен облыста не қалада карантин шектеулері күшейтіледі.