17 нау, 2021 сағат 07:38

COVID-19: Қазақстанның үш өңірі - «қызыл», 4 облысы «сары» аймақта

17 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы кірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ал «сары» аймаққа Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары кірген. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. 

Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.