15 нау, 2021 сағат 10:30

70 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қазақстанда «Спутник V» ресейлік вакцинасымен егуге қатысты статистикалық мәлімет жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сәйкес, 2021 жылдың 15 наурызындағы жағдай бойынша, елімізде вакцинаның 1-компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 69 095 адам. Вакцинаның 2-компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 18 807 адам.

Айта кетейік, 5 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда бірінші компонентпен вакцинацияланған адамдардың жалпы саны 28 388 болған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталды. Алғашқы болып дәрігерлер егіле бастады. Ал 1 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпені педагогтер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады. Бұл топта вакцинацияланғандар тізімінде 15 мыңнан аса адам бар.