Сенбі, 3 ақпан күні Қазақстанда анализінен коронавирус анықталған 2054 науқас тіркелген. Науқастардың осы санаты бойынша жеті кісі қайтыс болған. Бұл туралы 4 сәуірде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Алдыңғы күні 647 науқас тіркеліп, рекорд орнаған Алматы қаласында бұл жолы 572 науқас анықталған. Аймақтар бойынша, бұл – әлі де ең жоғарғы көрсеткіш. Қаланы қоршай орналасқан Алматы облысында 278 науқас анықталып отыр. Алдыңғы күні 258 болған. Алматы облысы мен қаласын қосқанда бір күнде барлығы 850 адамнан коронавирус анықталған. Бұл Қазақстан бойынша тіркелген науқастардың 41 пайызын құрайды.
Ел астанасы – Нұр-Сұлтанда 476 адамнан Covid инфекциясы анықталды. Қалада коронавирус науқастар жөнінен рекорд 31 наурыз күні орнаған. Сол күні 512 науқас тіркелген. Одан кейінгі екі күнде 427 және 438 науқас анықталған.
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында 109 және 109 науқас (сол тәртіппен) тіркелген. Қалған аймақтарда тәулік ішінде анықталған науқас саны жүзге жетпейді.
Министрлік сондай-ақ 3 сәуір күні коронавирусқа осыған дейін шалдыққан 1229 адамның жазылғанын хабарлады. Олардың 437-сі Нұр-Сұлтанда, 304-і Алматыда және 108-і Ақмола облысында.
Осылайша, анализіне коронавирус анықталған науқастардың жалпы саны 253 107 кісіге жетіп отыр. Оның 223 835-і жазылып шыққан, 3092-сі қайтыс болған.
Коронавирустан қайтыс болғандар статистикасына вирус жұқтырғаны расталған, бірақ "өзге аурудан қайтыс болды" деген мыңнан астам кісінің өлімі кірмеген. Министрлік бұл деректі жүйелі түрде жарияламайды, тек журналистер сұраған кезде жауап береді. Наурыз айында vlast.kz сайтына сауалына 2021 жылғы 5 наурызға дейін мұндай өлім саны 1450-ге жетті деп жауап берген.
4 сәуірдегі мәлімет бойынша, 27 516 адам короновирус инфекциясынан (26 180 КВИ+ және 1 336 КВИ-) ем алып жатыр.
Оның ішінде 9 996 пациент - стационарда, 17 520 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
• 398 адамның жағдайы ауыр;
• 103 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 64 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан үкіметі былтыр 1 тамыздан бастап анализінен коронавирус анықталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын коронавирус пневмониясының да есебін жүргізіп келеді. Тоғыз айдан астам уақыт аралығында пневмонияның бұл түрімен 50 815 науқас тіркелген. Оның 48779-ы жазылып шыққан, 700-і қайтыс болған. 1336 науқас емделіп жатыр.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, дүние жүзінде барлығы 130 миллион 659 мың адамнан коронавирус анықталған. Оның 74 миллионы жазылған, 2 миллион 845 мыңы қайтыс болған. Вирус жұқтырғаны расталғандардың жалпы саны жөнінен алғашқы бестікке АҚШ (30,6 млн), Бразилия (12,9 млн), Үндістан (12,4 млн), Франция (4,8 млн) және Ресей (4,4 млн) кіреді.
Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтан қаласы - 476,
Алматы қаласы - 572,
Шымкент қаласы - 63,
Ақмола облысы - 46,
Ақтөбе облысы - 82,
Алматы облысы - 278,
Атырау облысы - 100,
Шығыс Қазақстан облысы - 37,
Жамбыл облысы - 25,
Батыс Қазақстан облысы - 109,
Қарағанды облысы - 84,
Қостанай облысы - 35,
Қызылорда облысы - 38,
Маңғыстау облысы - 24,
Павлодар облысы - 41,
Солтүстік Қазақстан облысы - 18,
Түркістан облысы - 26.